Jastar Forum

Жастардың цифрлық кеңістіктегі жаңа мүмкіндіктер алаңы.

Платформа туралы ақпарат

Жастардың дамуына, білім алуына және жаңа мүмкіндіктерді
игеруіне арналған заманауи онлайн кеңістік. Платформа өңірлік, республикалық
және халықаралық деңгейдегі іс-шаралар туралы ең өзекті ақпаратты қолжетімді
форматта ұсынады және жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған.

Жоба жайлы ақпараттар

«Jas power» азаматтық-патриоттық тәрбие беру жобасы жастардың азаматтық-патриоттық тәрбиесін күшейту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және қоғамдық белсенділікті арттыру. Азаматтық сана мен патриоттық құндылықтарды дамыту. Жастарды қоғамдық және волонтерлік қызметке тарту.

Жобаның бағыттары:

Азаматтық-патриоттық іс-шаралар

өңірлерде кездесулер, форумдар, көшбасшылық сабақтары, мотивациялық сессиялар өткізу

Экологиялық жауапкершілік

табиғатты қорғауға бағытталған экологиялық акциялар мен жастар көшбасшыларының бастамаларын қолдау

Зияткерлік даму

дебаттар, интеллектуалды ойындар, танымдық іс-шаралар арқылы білім мен ой-өрісті кеңейту

Қоғам белсенділерімен диалог

тәжірибелі лидерлер, қоғамдық тұлғалар, сарапшылармен ашық сұхбат алаңдарын ұйымдастыру

Жергілікті бастамаларды қолдау

өңірлерде жастардың өз жобаларын ұсынуына және іске асыруына жағдай жасау

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы мен «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын табыстау бойынша брифинг өтті

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы мен «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын табыстау мәселелері бойынша брифинг өтті.

Толығырақ →

«SCO Youth Dialogue» форумы ШЫҰ жас дарындары мен көшбасшыларының кездесуі аясында өтті

Шығыс Қазақстан облысында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының жас дарындары мен көшбасшыларының кездесуі аясында «SCO Youth Dialogue» форумы ұйымдастырылды. Форумға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров, ШҚО әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев және ШЫҰ Хатшылығының Әкімшілік-құқықтық мәселелер департаментінің кеңесшісі Цзяо Хуайсинь мырза қатысты.

Толығырақ →